file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  23.08.2022
  143


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Құт

Өмірдің өзгергенмен түрі мүлде,
Сырын біл, сыртын білмей, тірі күнде.
Кесегі ұсақтардың ісін істеп,
Ұсағы алар орнын ірінің де.
Ондайлар елді ойламай, жемді ойласа,
Қажеті болар ма екен бірінің де?!
Жолы тар ылдиының, өрінің де,
Көздінің кілтипан бар – көруінде.
Себепсіз салдар қайдан туар дейсіз
Темір де балқымай ма көрінгенде?!
Пендеден ұялмаған, хақтан қорқып,
Рақым жасамайды өлімінде.
Жомарттық ниеттен ғой, сараңдық та
Не жетер періштедей адалдыққа?!
Бөлініп, бөріге жем болар жай жоқ,
Жаралып қазекеңнен таралдық па?
Дәрідей тазалықтан тамтық қалмас,
Кедергі қойылмаса, арамдыққа.
Бергенім бар, көп әлі берерім де,
Сондықтан, сүңгимін өз тереңімде.
Менің құтым, қуатым өнерімде,
Кертіп берем жұртыма керегінде.
Пысқырмай, кещесіне, кереңіне,
Алшаң-алшаң баспай ма ер елінде?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу