file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  23.08.2022
  138


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Ән туарда

Сарыны құлағыма жылда естіліп,
26
Ән тескен көкейімді мың бестілік.
Қағып қап інім соның бір бунағын,
Періге жіберді ме тілдестіріп?!
Түрткендей сыбызғы үні, қырда естіліп,
Кең дала елестейді мүлде ескіріп.
Шабытым шарықтады қас-қаққанша,
Қырандай кететұғын ілместі іліп.
Құсына көңілімнің із кестіріп,
Еркімді алақашты бір кешкі үміт.
Жаңа үйге сүйреп барды сүйегімді,
Таксиге інішегім мінгестіріп.
Әлгі әуен бірде естілмей, бірде естіліп,
Өзімді жұтатындай күн кешкіріп…
Сәулелі сахарадай көкірегім,
Сабылған мың көш шығып, мың көш кіріп.
Жанымның жалауынан нұр кестіріп,
Ақыры әуен таптым мың бестілік.
Адуын «Ән осындай» толқып туған,
Атасаң, сүйіншіңді іздестіріп.


Сарыны құлағыма жылда естіліп,
26
Ән тескен көкейімді мың бестілік.
Қағып қап інім соның бір бунағын,
Періге жіберді ме тілдестіріп?!
Түрткендей сыбызғы үні, қырда естіліп,
Кең дала елестейді мүлде ескіріп.
Шабытым шарықтады қас-қаққанша,
Қырандай кететұғын ілместі іліп.
Құсына көңілімнің із кестіріп,
Еркімді алақашты бір кешкі үміт.
Жаңа үйге сүйреп барды сүйегімді,
Таксиге інішегім мінгестіріп.
Әлгі әуен бірде естілмей, бірде естіліп,
Өзімді жұтатындай күн кешкіріп…
Сәулелі сахарадай көкірегім,
Сабылған мың көш шығып, мың көш кіріп.
Жанымның жалауынан нұр кестіріп,
Ақыры әуен таптым мың бестілік.
Адуын «Ән осындай» толқып туған,
Атасаң, сүйіншіңді іздестіріп.


 


1990 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу