Өлеңдер ✍️

  23.08.2022
  118


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Қызықпын-ау!..

Қызықпын-ау, мен осы қызықпын-ау,
Бетіме бейнет салған сызық мынау!
Сөйте тұра көзі жоқ көбелектей,
Аспандағы қырғиға қызықтым-ау!
Батылмын-ау, мен осы батылмын-ау,
Батылмын-ау, әсершіл ақынмын-ау!
Сезімнің серпініне тізгін берсем,
Әуе ашық, жер жазықта шатылдым-ау!
Көзімді сұлулыққа суардым-ау,
Енді ненің күтері буалдыр-ау!
Қамаймын қай қапасқа ниетімді,
Құмармын-ау, бәрібір құмармын-ау!


1993 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу