22.08.2022
304

Қайырлы таң әкешім
Асқар таудай панамыз,
Қайырлы таң әкешім.
Жетелеп бізді өмірге,
Бақытты жан етесің.
Арайлы таң сыйласын,
Қуанышын сізге тек.
Жүріңізші жол бастап,
Ортамызда күлімдеп.
Таңдай шуақ шашып сіз,
Ояныңыз әр таңда.
Сізге қарап ұшамыз,
Өрлеп биік заңғарға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇