22.08.2022
1104

Қайырлы таң ағайын
Жанымыздан табылар,
Қайырлы таң ағайын.
Әрбір ақ таң сыйласын,
Таңның сұлу арайын.
Күн нұрына бөлесін,
Әрбір жанды тербелеп.
Таңғы ұйқыдан оянсын,
Бала-шаға еркелеп.
Қуаныштар жалғасын,
Шапағымен ақ таңның.
Әрбір ақ таң қуантсын,
Жалғасы боп жақсы әннің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇