Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  98


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Атлант Мұхиты -

Атлант Мұхиты -
Аждаһадай араны -
Адамзатқа айбарлана қарады.
Ұлы Далам тарих шаңына көміліп,
Уылжып тұр Ұлыбритания аралы.
Қалай түспей тұр Алланың көзіне
Қалың араб - қаралы?!
Көзді арбаса көкшіл Гавай аралы,
Ару Париж алтын шашын тарады.
...Елу елдің қатарына жетсем деп,
Өкіметтің өкпесі өшіп барады.
Заман қайда беттеді?
Өкімет те өкпек желдей өтпелі.
Дүниеге небір Көмекей жырау кеп,
Көмейден жұпар төккелі, -
Қазақ қанша өткелектен өтпеді.
О, Тәңірім, өзің жебе көктегі!
Сол елу елдің ішінде,
Қанжығаласа алатұғын менімен,
Бес ақын жоқ, өйткені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу