Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  135


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Төрле, Бекзат

Төрле, Бекзат Азаттық!
Түбіме жеткен - құлқын-ды.
Құл мен күңді мазақ қып,
Ақсүйек қылшы ұлтымды!
Дегелеңді дерт алды.
Қарқаралыны өрт алды.
Құдайсыз қап, болды дағы құл - тұлға,
Ұлысым да аңырады, ұлтым да.
Генералдар көшіп кетті Мәскеуге,
Дегелеңнің дерті қалды жұртында.
Қарау пиғыл таңдайыма татыды.
Қараорманым өртке түсті-ау ақыры.
Қараөткелде қарағайдан үй салды,
Қарқаралдың қашып кеткен әкімі.
Дегелеңге дауасы жоқ дерт енді,
Қарқаралыда - Қараорманым өртенді.
...Алаш дейтін Ару қыз-ай, қайтейін,
Көрінген ит ашты-ау сенің көрпеңді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу