Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  91


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Мен жұмаққа бармаймын ба....

Мен жұмаққа бармаймын ба,
Барам ба?
Мен Тәңірге жақпаймын ба,
Жағам ба?
Бес құрлық жоқ,
Бес жұлдыз да жоқ, тіпті,
Таңғажайып бес әйел бар ғаламда.
Жұмаққа енді бара алмайтын шығармын.
Бес сұлудың сырғасынан сыр алдым.
Бес сұлуға ғашық болып бір күнде,
Атақ-даңқын бес құрлыққа шығардым!
Мен жұмаққа бара алмаспын, жарқыным,
Алды - шаттық бұ дүниенің, арты - мұң.
Бес сұлуға жаным Айдай албырап,
Құшағында - сары майдай балқыдым!
Ойламай-ақ одан басқа ешкімді,
Еміреніп жатып әзер ес кірді.
Шәрбәт жұттым бес еріннен егіліп,
Бесеуінің дәмі, бірақ -
Бес түрлі.
Жұмақ бағын кезу маған күлкілі.
Бес періште - айқаспайтын кірпігі -
Мені аспанға алып шығып көтеріп,
Бес құрлыққа лақтырады бір күні!
Жүрегімнің іші-- шемен,
Шерлі - үні.
Біледі ғой тау мен тас та,
Ел мұңы.
Бұ дүние мені ұната қойған жоқ.
…О дүниенің де ойы маған белгілі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу