Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
199
Дүниеге егіз кеп...
Дүниеге егіз кеп, –
Біз өмірге сүңгіп кеттік теңіз деп.
Он үш жаста ғашық болған бір қыз бар,
Қой соңында ән салып жүр мені іздеп.
Он үшімде көңіл – күпті, ой – алаң,
Омырауымды көз жасымен бояған –
Қой соңында жүрген сол бір әйелдің,
Дауысынан күнде шошып оянам.
Ой – алаң.
Он үштегі махаббаттың әлегі,
Әлі – сұмдық... осы өлеңім – дәлелі:
Гректердің құдайының әйелінен де әдемі –
Ақтоғайдың қойшысының әйелі!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter