Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  103


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ІШЕК-ҚАРЫН ПАТШАЛЫҒЫ

Сіңбей қойған кепкен ми – тасқа мұңы,
Абай –
Алаш ұлы емес –
Аспан ұлы!
...Кердең қағып бір жақтан біздің жаққа
Келе жатыр ішек-қарын Патшалығы!
Тұқымы аз туасы, шер – жетім ем,
Әуенімен жанымды тербетіп ем,
Сен қайдасың, Рухтың Патшалығы,
Қайда кетіп барасың Жер бетінен?!
Қайда сонда безініп ұштың менен,
Құтылмайтын құрсауға түстім бе мен?
...Ақын түгіл,
Адамзат үмбетіне,
Құлқын – Мырза қарап тұр мысқылменен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу