Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  145


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

МАҒЖАНҒА ХАТ

Мағжан, Ата!
Аласапыран алқымға ап,
Көңіл күпті – кешкен жұрттан халқың ғап.
Алла берді Алашыңа азаттық,
Оған бірақ керек екен алтын тақ.
Рух қайда?!
Тас жүрек пен мес дене –
Көретінің бозала таң, кеште де.
Тұран керек.
Құран керек қазаққа!
Абай керек.
Одан басқа – ештеңе.
Жүрегіңде – Көк Бөрі.
Ұлиды көп Тәңіріне көктегі.
...Қайран жұртың қазағыңа, өйткені,
Мен түгілі, сенің сөзің өтпеді.
Көкке қарап әлі ұлып тұр Көк Бөрі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу