Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
133

О, өлең!
О, өлең!
Қалам сенен несін бүгіп?
Басыңнан сайқал дауын кешір бүгін:
Әйелдің сұлулығын көру үшін
Қажеті қанша оны шешіндіріп?!
Бір ойдан бір ой туып,
Есіл басты
Даң қылып әсемдікке есік аштық:
Ұятпен киінген пәк сұлулықты
Ұятсыз, шешіндіру –
Есуастық!
Шешінбе!
Шешінбе, әйел!
Есің кірсін!
Сені еркек тек түсінде кешіп жүрсін,
Ғажайып сымбатыңды тасқа құйып
Тек қана –
Мүсіншілер шешіндірсін!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇