Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
103
Күліп тұрып қоштасайық жас дәуренмен кезінде...
Күліп тұрып қоштасайық жас дәуренмен кезінде,
Ұмыт қылып – ең алғашқы махаббаттың өзін де.
Қоштасайық танымасқа жету үшін асық боп.
От басайық – тағы басқа біреулерге ғашық боп.
Күнді сүйдік,
Гүлді сүйдік.
Ғажап еді-ау ортамыз.
Кімді сүйдік?
Бүгін соны еске алуға қорқамыз!
Күнә қалды...
Куә қалды!
Ол да өлгенмен – тірі адам.
Бір адамды сүйгеніңді кешірмейді бір адам!
Бар күнәдан сап болайық, асылық бар ма, ал мұнда?
Ақталайық тағы басқа біреулердің алдында.
Күліп тұрып қоштасайық жас дәуренмен кезінде,
Ұмыт қылып – ең алғашқы махаббаттың өзін де!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter