Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  89


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ШІРКІН ТОЙ

Қазақтың ойы емес қой бұзық,
Жүреді жаңалық десе қызып,
Содан соң болар кейде,
Өткізген тойлары қызық.
Дәстүрді өшіртіп санада,
Ал салтты ұлытып далада,
Жүректі налытатын
Тойларды көресің қалада.
Қалыңдық отырмас жасып,
Кеудесі мен арқаны ашып,
Ортаға шығады биге
Көңілі судай тасып.
Мәселен би бар “Ламбада”,
Қарайтын жұрт таңқала.
Бөксе былқылдайды,
Дамыл жоқ санда да.
Қалыңдық та именбей,
Жұртпен бірге иреңдей,
Қайынағасы шықса да
Жұптаса қалады изеңдей.
Тойшылар болса ду-ду!
Ал жынды әуен у-шу,
“Приз! Приз! “ дейді
Өңешін жыртып бір қу.
Содан соң,
Көпшіліктің шығарып иі-қиын,
Қалыңдық ұрлатар туплииін,
Ал, тап ізде, тапсырма солай,
Тауып көр жетсе миың.
... Жарықтық атасы тапты-ау,
Тамада айтып жатар мақтау,
Ойын шарты көндірер
Әдепті қайда сақтау.
Шарт бойынша кім тапса
Туплиді келінге кигізбек,
Келіншек ернінен сүйгізбек.
Айналар басыңнан ми,
Бірақ есіңді жи...
Сүйсе сүйсін дейді
Бұл келіннен сый!
Музыка! Қайтадан би,
Стакандарға тағы да құй!
Дауыстар:”Горко”! “Горко!
Келіншек күйеуге жабысады,
Ерінге-ерін қабысады,
Осындай тойлар көп-ақ,
Бізге жетпеген
жүр
Намыс әлі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу