Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
117
Шөл қысқан кез
Тері басқан маңдайды,
Шөлі қысқан таңдайды,
Тізгіні БАҚ-тың қолында
Кенжекең біздің қандайды.
Терісін БАҚ-тың илеген,
Биліктің өзін билеген
Еңбегі келер теңеуге
Құдықты қазған инемен.
Тәрбиелеп жастарды,
Іс жасады асқарлы
Күйінер де сүйінер,
Бітпейтін іске жоспарлы.
Кенжекең отыр нардайын,
Жұмысы қызу әрдайым
Қыздардан отыр су сұрап
Жібітем деп таңдайын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter