file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  180


Автор: Өріс Яшүкірқызы

БАҒАЛАНАР МА САТИРА

Орыстар жиі жылап, жиі күлсін,
Бір-бірін сүйер болса сүюі шын.
Бағалап сатирасын сары алтындай
Өледі Петровы мен Ильифі үшін.
Түріктің Әзиз бейі Несинін айт,
Танылған жарты әлемге есімін айт.
“Әз Әзиз падишасы Әзілдің “ деп
Тербеткен туған елі бесігін айт.
Көпен – Бек емес еді осал адам,
Күлкіден езу шіркін босамаған.
Садағы бар, оғы бар тілінің деп
Кей билік көтермейді босағадан.
Талай жын сым болып еді “Арадағы”,
Талай сұм құм болып ед даладағы.
Ым мен жым,
Қу менен сұм билік алып
Көпенге қабақ беріп қарамады.
Курстас қайран менің Көпенім-ай,
Күйдірген күйдіргіні өтегім-ай,
Несиннен нең кем ем еді бағаласа
Мемлекеттік сыйлыққа көтеріп-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу