file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  215


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ҰЯҢ БИІК БҮРКІТСІҢ

Өкініш айтпай жалғанға,
Жеткізген қолын арманға,
80- ге шықты сеңгірлі
Сейітпатал тарлан да.
Жеңіп қиын жолды кіл
Ұяға биік қонды бір,
Томағасыз бүркіттей
Қиялмен ойды шолды бір.
Бір әке, бір анадан,
Ұрпағы өсіп тараған,
Тіл- көзінен сақтасын
Қызығып жұрты қараған,
Толғап бір жырды бастасақ,
Өткенге көзді тастасақ.
Сібірдің дәмін таттыңыз
Кезінде заман ат та, шап!
Еліңіз қалып шалғайда,
Іздейтін ол кез хал қайда,
Ертісті естіп алыстан
Жүрдіңіз Сібір, Алтайда.
Қиындау болып заманың,
Қиыр Шығысқа тиді табаның
Басталып майдан сол кезде
Отанды қорғап жарадың.
Алдыңда тұрды тағы сын,
Қорғадың ұлттың намысын,
Қан майданда көрсеттің
Қазақтың ұрыс, шабысын.
Болған соң мықты күресің
Жеңісте болды үлесің
Қоңдыбаев Сейтпатал-деп
Айтылып жүрді бір есім.
Орден мен медал тағынып,
Жамиладай жар табылып,
Екеу болып бір басың
Оралдың елге сағынып.
Іс іздемей жанға жай,
Қызмет еттің талғамай,
Қызықтырған жоқ сені
Дүниенің бар-жоғы-ай.
Ортаға салдың барыңды,
Қорғай да білдің арыңды,
Өнегелі ұл-қыздан
Ізбасарлар табылды.
Оң қанатың Серғазы
Сол қанатың Ерғазы
Ізіңді басты ұлдарың
Бәріне жұрт, ел разы.
Өмірде болар әр қия,
Есте ғой ЦК Компартия,
Осы сапта Серғазы
Еңбек етті жан қия.
Туылып социализмде,
Сенген ед коммунизмге,
Бизнесте жүр Ерғазы
Нарықтық капитализмде.
Гүлжамалың– тілегің
Ұл сияқты тірегің.
Жаның сыздап ауырса
Жұлып берер жүрегін
Қаратай мен Нұртайға
Жететұғын жыр қайда
Елдің қамын істеген
Ойламастан құр пайда.
Құқықты қорғап тірескен,
Органда жүріп күрескен
Сейтқали ініңіз
Өкшеңді қуып бір өскен.
Тындырып барлық жұмысты,
Алдырған кең тынысты,
Сейталы інің болатын
Бәрінен сізге жұғысты.
Шалқыған көңлі теңіздей,
Ағасына жақын егіздей
Қайынжамал жүреді
Аға қалай дегізбей.
Көрсетсе де айбатын,
Сойып берер тойға атын,
Арқа сүйер ол да інің
Күйеу балаң Қайратың.
Әйелдің бермей намысын,
Ортаға үйген табысын,
Келіндерің кіл жақсы
Соданда тату абысын.
Алдыңнан кесе өтпеген,
Дастархан жайған етпенен,
Гүлбану мен Гүлбарам,
Келіндеріңе ешкім жетпеген.
Қолыңыз жетті арманға,
Келіндер бай талғамға
Ешкім жетпес келіндер-
Қуаныш пен Қорланға.
Үлкенге иба тоқыған,
Оқыған десе оқыған,
Әсемге кім жетеді
Шаңырағыңда отырған.
Күнде отырсың айнала
Немерең Нұрлан, Айдана,
Роза келін ерекше,
Нұртайды айтсақ ойлана.
Немере тұрса қоршаған,
Байқалмас адам шаршаған.
Ерлан, Сәуле, Жанна, Зәуре
Ерекше тұрар баршадан.
Немерең және Олжасты,
Зарина мен Мақсатты,
Бәрін түгел айтамыз
Барлығы да жақсы атты.
Ұрпақты еттік жария,
Шалқиды көңіл дария
Өзіңізден тарайды,
Қырықтан астам жан ұя
Көк байрақ туды көтеріп,
Ұрпағың отыр көгеріп,
Сіз жүрген жол оларға
Болатын болсын тәбәрік.
Өзіңмен таң боп ататын,
Өзіңмен күн боп бататын.
Аман болсын ұрпағың
Шығарған ата атағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу