file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  132


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ЖОЛЫМНАН ШЫҒА БЕРМЕ

Жолымнан шыға берме, айналайын,
Көңліңді бұра берме, айналайын.
Ақиқат сен ұқпайтын алдыңда бар
Алдымнан тұра берме, айналайын.
Сезімнің өртін айтпа, айналайын,
Уәденің сертін айтпа, айналайын
Шындықтың шыңырауы алдыңда тұр
Жүректің дертін айтпа, айналайын
Достықтың сырын айтпа, айналайын,
Сүюдің қырын айтпа, айналайын.
Үмітің ақталмайтын алдыңда тұр
Махаббат жырын айтпа, айналайын.
Бақыттың кезегі бар, айналайын,
Сабырдың өзегі бар, айналайын.
Шыдайсың не көрсеңде кері бұрыл
Уақыттың өз емі бар, айналайын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу