file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  113


Автор: Өріс Яшүкірқызы

СЕНІҢ КЕУДЕҢ

Жалғанда сыры мәлім – сенің кеудең.
Тонғанда жылынарым – сенің кеудең.
Дүние қажытқанда, шаршатқанда
Бас сүйеп, тынығырам – сенің кеудең.
Бағыма баян болған – сенің кеудең,
Жаныма сая болған – сенің кеудең.
Сары алтын сырларыма сандық болып,
Құпиям сақталатын - сенің кеудең.
Мекенім, тұрағым да – сенің кеудең,
Биігім, шынарым да – сенің кеудең.
Жол таппай қиналғанда бағдар шамдай
Жарығым, шырағым да - сенің кеудең.
Келетін сүйемелмен менің кеудем.
Киеңмен киеленген менің кеудем.
Сендегі бар байлықты, қазынаны
Бір өзі иеленген менің кеудем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу