Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
138
ЖҮРЕККЕ БАҒЫНУ
Сен менің әруақытта есімдесің,
Білсемші қатал жүрек кешірмесін,
Отырсың ба мен жазған өлеңді оқып,
Оралады өткенге десіп несін.
Сен менің әруақытта есімдесің,
Сеземін жүрегіңнің өшірмесін.
Басқамен бақыт тауып кетсеңдағы
Көңілдің көшкен бірге көшіндесің.
Ағымнан мен осылай жарыламын,
Бейнеңді елес болған сағынамын,
Өйткені бір кісідей сүйе білген
Өзімнің жүрегіме бағынамын.
Білемін, мен де сенің есіңдемін,
Келеді “Сен де мені кешір” – дегің
Басқаның бақыты боп жүрсем дағы
Сен мені жүрегіңнен өшірмедің.
Дәл мендей сен де мені сағынасың,
Сағынасың, мені іздеп табынасың.
Өйткені сен де мендей сүйе білген,
Өзіңнің жүрегіңе бағынасың.
Өткенде уақыт кімге шағынамыз,
Жолымыз бөлінген соң сағынамыз.
Қосылмаған жандардың махаббаты
Қосылғандар үшін де болар аңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter