file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  254


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Жасыл көйлек киген күн

Түсінбей қалып,
Болдым бір және түсінген,
Ып-ыстық сезім, ықылас көрдім түсіңнен,
Жап- жасыл көйлек, жап-жасыл әлде камзол ма
Ерекше сол күн көзіңді маған түсірген.
Бозбала сынды
Бозқырау шақтан өткенің,
Мағжанның жырын алдыма жайып төккенің,
Бойжеткен күйге мені де алып кетті ме,
Елеске кеткен оралып қайта көктемім.
Түсіне тұрып,
Түсінбей кеттім тағы да,
Бір барып сергіп қайтқандай жастық бағына,
Камзолым сынды қаусырғың келген ниеттен
Жылылық алдым құйылған нұрдай жаныма.
Жап-жасыл көктем,
Жап-жасыл киім киген күн,
Мағжанның сұлу жырына басты иген күн,
Әттең-ай, шіркін, отымен Мағжан жана алмай
Бір сәттік ғана Мағжанның кебін киген күн.
Түсінбей кетіп,
Түсіндік және тағы да,
Лүп еткен жүрек қайтадан келді қалпына,
Жабылған есік сияқты болған көңілдер
Сабаға түсті, арнаға қайтып сарқыла.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу