file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  140


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ҚЫЗ КӨКТЕМ – БОЙЖЕТКЕН

Күлімдеп жүзің жайнаған,
Кетпейсің қызым, айнадан.
“Көктем келді” деп қалдың,
Мәз-мәйрам боп айналаң
Жағамда өскен жал құрақ
Қалдың ба өсіп сән құрап.
Екі бетің алмадай,
Қызарды неге албырап.
Өзгерді киер көйлек те,
Қарайсың жиі әйнекке
Кластасым деп қалдың,
Әне бір бала жәй кеп пе?
Келді ме деймін көктемің,
Бұған да сенің жеткенің,
Өзіңе қарап ойланам
Ойыма келіп өткенім.
Желкілдеп өскен бұтағым
Аңқиды әтір, жұпарың
Бойжетіп қалдың білемін
Көбейсін әркез ұтарың




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу