Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
137

ӨЗІМНЕН ШЫҚҚАН ӨЗІМ
Былдыр-былдыр тілің-ай,
Сылдыр-сылдыр үнің-ай,
Еркелеп кеп сүйдіріп,
Құшақтайсың, күнім-ай,
Ақ борықтай түрің-ай,
Жауқазындай гүлім-ай,
Жатырқауды білмейсің
Қол бересің күліп-ай.
Тәй-тәй басқан қарағым,
Айнаға кеп қарадың.
Ұлпа шашты уыстап,
Келеді бір тарағың.
Ән айтылса елеңдеп,
Бұралады денең кеп.
Қанат беріп тұр ма екен,
Ақ періште өнер кеп.
Жәудіреген көзің-ай,
Күнде үйренген сөзің-ай,
Немере деген сенсің бе,
Өзімнен шыққан өзім-ай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇