Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
133
![](/uploads/shorttexts/author_image/39d0c61d743637c9665153a723d2981e-240x300-1.jpg)
ЖОЛЫҢА ШАШУ
Мөлдіреп аппақ сезім боп,
Жарқырап жайнап көзіңде от,
Босаға аттап барасың
Отауға шығар кезің боп.
Айнадай едің аппағым,
Оң жақты қиып аттадың,
Бойжетіп ерте қалдың ба,
Бақытты мынау тапқаның.
Сүйкімді едің оймақтай,
Бұзылмаған қаймақтай,
Еркелеп үйде жүруші ең,
Еш жамандық ойлатпай.
Ерекше көңлің шат бүгін,
Жарасып бойға пәктігің.
Пейілің таза мөлдірім,
Алдыңнан шықсын сәтті күн.
Сымбатты сұлу сырғалым,
Бақытты өмір сүр жаным.
Ақ тілеу саған тілейді
Жүректен шыққан жырларым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇