file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  212


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҚ БОСАҒА

Қыз едің сен күншуақтап таңы атқан,
Құтты болсын ақ босағаң баратқан,
Бұл қазағым бармақтай ғып қыздарға,
Бақ бер деген таудай болған талаптан.
Сол бағыңды тауып бүгін, шырағым,
Ақ отаудың жағып тұрсың шырағын.
Барған жерге тамыр байлап көгер, өс
Бір әулеттен жалғыз өскен шынарым.
Еркін өстің бал балауса құрақтай,
Жаның таза мөлдір еді бұлақтай,
Жақсы қыздан жақсы келін атанғын,
Шаңырағыңды биік ұста құлатпай.
Уақыт деген жылдам екен тез өтті,
Қыз болғанмен ұлдай едің медетті,
Ата-анаға екі жақта бірдей бол,
Сақта қалқам, қаныңдағы әдепті.
Елің отыр сені ұзатып Бақ тілеп,
Орындалсын көптен шыққан ақ тілек,
Құттықтайық күйеу жігіт оны да
Шын бақытын Өзіңменен тапты деп.
Құтты болсын екеу болған тойларың,
Орындалсын арман тілек ойларың,
Қос аққудай жарасыңдар мәңгілік
Бұл өмірдің қызығына тоймағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу