Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
104
ҚАЙЫҚ ӨЛЕҢ
Кәмила, Кәмилажан, Кәмила қыз,
Аманба туыс-туған, жанұяңыз.
Қарсы есік қадам басып келмеген соң
Әнімен жыр жазамын “Фариза қыз”.
Сәлемдер беріледі апыл - ғұпыл,
(Жастарға кінә жоқ қой кәкір – шүкір)
Көңілге жақын жанды іздейсің- ақ
Бұл заман қат болғанда тақыл-тұқыл.
Ішінде бір шаңырақ пен керегенің,
Жүрген соң басқалардан ерек едің,
Өзгені мен де өліп іздемеймін,
Ал сенің бөлек еді елегенің.
Кәмила, Кәмила қыз, Кәмилажан,
Қарсы есік қиын болды-ау дариядан,
Ортаға қайық болсын осы өлеңім
Ұят қой келмегенің Алиядан.
Өзіңе жіберейін қайық өлең,
Ескегін өзім тартып айыбымен,
Болмашы нәрсеге сен тарылмашы
Көңілдің саған деген жайығы кең.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter