file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  148


Автор: Өріс Яшүкірқызы

АҚ ПАРАҚ ПЕН ҚАЛАМ

Қарағым маған наз айттың
Дұрыс және саз айттың.
Алдыңа келер ақталғым
Көп болса өкпең, азайтқын.
Жайып ең арнап дастархан,
Жайнатып дәмді астардан,
Жете алмадым соған кеп
Дегем жоқ астан бас тартам.
Сыйыңды қалқам білемін,
Құрметтен сені жүремін.
Айтамын деп өкпеңді
Өзгеріп кетті-ау реңің.
...Түс ауа сол бір бесінде,
Өзіңнің шығар есіңде,
Тапсырма шұғыл берілді
Орындау керек білесің де.
Жақсы өтті тойың есіттім,
Мен бірақ оған кешіктім,
Жұрт тарапты мен келсем
Жабық тұр кілті есіктің.
Өкпелеп маған қарадың,
Кешір енді қарағым.
Алдыңа келді ақталып
Ақ парақ пен қаламым.
Кешір, кешір қарағым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу