Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
149

Бірімізді іздейікші біріміз
Жан-жағымыз бірі жігіт, бірі қыз,
Тамырласқан бір қызметке тініміз,
Жұмыс басты болып кеткен "пендеміз"
Іздеу сирек бірімізді біріміз.
Уақыт деген зәру және тапшылық,
Адамнан да табу қиын жақсылық,
Іздей қалған жан табылса қуанып,
Күле қарап тұрғандай бір жақсы үміт.
Сәлемге де қуанамыз баладай,
Құбылмалы мезгілге де қарамай,
Жылы қабақ, түзу сәлем таппастан
Баз біреудің тарс жабылған қабағы-ай.
Күн де шығар, батар және күніміз
Жарқын болса екен дейміз түріміз.
Көзден таса болған кезде іздесек
Қандай жақсы бірімізді біріміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter