file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  135


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Кей әйелдің реңі

Әйелдердің көп қой, көп-ақ талғамы,
Алтын, гауһар, маржан тағу арманы,
Әсемдікке кейбір әуес әйелдің
Дүниенің жылтырақта жалғаны.
Әйелдердің және көп қой сырлары,
Бірін-бірі қайталамас сырғалы.
Ақылдысы күн көзіндей нұр берсе,
Күннің көзін түн етеді сұмдары.
Әйелдердің қилы-қилы бақтары,
Соған қарай қарсы алады ақ таңы,
Ала дорба құшақтаса бір тобы,
Бір тобына билік тиді тақтағы.
Әйелдердің сан түрлі ғой реңі,
(Реңді де өзгертуді біледі)
Байқайсыз ба, соңғы кезде көбінің
Бетон тастай қатып қалған түр- өңі.
Сонда қалай білесіз бе жүрегі?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу