file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  137


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ҒАЛАМ ҒАШЫҚ

Күн сайын дос-жаранмен амандасып,
Астана жүрген қалам қадам басып.
Дәл қазір сән де осында, ән де осында,
Көз тіккен Астанама ғалам ғашық.
Нанбасаң қонаққа кел, алаңға шық,
Арала әр көшесін табан басып.
Қысқы аяз шымырлатар бой сергітіп,
Еркелеп ерке самал жағаңды ашып.
Таң қалма күнін көрсең нөсерлетер,
Ақша бұлт ақ жауынды ап өшер, кетер.
Артынша шұғыладан күн күлімдеп,
Саф ауа жаныңды бір әсерлі етер.
Ақша қар жылт-жылт еткен күміс дер ем,
Мол жауса, мол астық қой ырыс дер ем.
Арқаның таза ауасы өзі дәрі,
Кеңейер кере жұтсаң тыныс дер ем.
Кел қалқам, Астанаға амандасып,
Қарарсың, қызығарсың жанарды ашып.
Көркіне, келбетіне көз тоймайды,
Мен түгіл Астанама ғалам ғашық




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу