file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  129


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Құс та мұңлық

Біз айтамыз сенетіндей өтірік,
Сенген кезде бас шайқаймыз өкініп,
«Қанаттылар қорғалуда» дейміз де
Шетел асар Дуадақ құс, Кекілік
Келе қалса саят жасап арабтық,
Сирек құстың балапанын санаттық,
Сыйға ұсынып Сұңқарларды жыртылып
Қырандарды томылғы сап тараттық.
«Біз қазақтар саят сүйер халықпыз,
Құс әлемін жұрттан бұрын таныппыз»-
дейміз дағы балапанын Бүркіттің,
Еш қиналмай сый қорапқа салыппыз.
Қырандармен қарқ қылу жат елді,
Іштен шыққан жаудай ол да қатерлі,
Біздің елде құс та мұңлық білсеңііз
Мұңлық зары кімге абырой әперді?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу