file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  118


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Қараша қаздың қаңқылы

Қамысты көлді жағалап,
Бал құрақты сағалап,
Қиқулап қаздар жиналды
Қанатын суға сабалап.
Көлге де бүгін бақ қонып,
Айнала түгел шат болып,
Базары құстың қызды бір
Масайраған шақ болып.
Жүзіп бір алға Ата қаз
Соңынан еріп Ана қаз,
Көлдің көркін келтірді
Шүрегей шөже, бала қаз.
Бірімен бірі теңесіп,
Тұмсықтасып кеңесіп
Қаз үйірі жүзгенде
Құптады самал жел есіп.
Қанатын қағып қаңқылдап,
Көтеріп даусын саңқылдап,
Құс тобына сүйсіне
Қараған Ай да жарқылдап.
Балапанын ерткен кіл,
Қаздарға төкті көктен нұр.
Тіршілік қызып төрінде
Көл де беті мөп-мөлдір.
Жайқалып жасыл бал құрақ,
Желпініп желмен сән құрап.
Қауырсын құстың бәріне
Тілеген еді жан шуақ.
Қаздардың қызып думаны,
Ақ шабақ көлде тулады.
Осындай шаттық кезеңді
Аңшының бұзды сұмдары
Тамсанып құсқа көздері,
Мылтықты тура көздеді..
Құс өрісін өргізбей
Мақсаттары өзге еді.
Қызықты сәттің өткені-ай,
Сұм ажалдың жеткені–ай.
Тасадан мылтық тарсылдап
Үзілді өмір әттең-ай!
Тоқтамай оқтың жарқылы,
Естілді қаздар барқылы.
Қанатты құстар қоштасты
Тірлікпен оқ арқылы.
Топарлап қаз бен шүрегей,
Қаптарға түсті бірегей.
Бір шетте қалған бала қаз
Сол күні жалғыз түнеді ей.
Көл бетінде ала жаз,
Қаңқылдап жүзді бала қаз...
Жалғыз құсты қызықтап
Жағадағы бала мәз.
***
Сары қаз, ақ қаз, ала қаз,
Тағдырын ешкім қарамас,
Қанатты құсқа зәруміз
Ұшатын құстар далада аз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу