file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  155


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Ей, Өлең, маза берші

Ей, Өлең!
Мен қашқанда қуғаның не,
Байланып кіндігіме туғаның не,
Қапелімде іздетіп қалам-қағаз
Ойымды он сақтағы буғаның не?
Ей, Өлең!
Мен сөнгенде жанғаның не,
Қыздырып шоққа қызыл салғаның не,
Қарадай қара шөлде қаталатып,
Қайыра, қарсы ағынға шалғаның не?
Ей, Өлең!
Кетіп ем ғой суындырып,
Кеудеме неге шаштың уылдырық.
Мойныма жыр маржанды алқа қылып
Отырсың енді мені буындырып.
Ей, өлең!
Маза берші дамылдайын,
Уақытым кетті мынау сағымдайын.
Мен риза таланыма сені жазған
Басыма бола білдің бағым дәйім.
Өтінем,
Босатшы бір дамылдайын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу