Өлеңдер ✍️
ӨТКЕН ӨМІР СУРЕТІ
Бір бөлмеде бесеуміз, пенделерміз бес түрлі,
Бес мемелекет болсақ егер көтерер ек бес туды.
Қарсы алдымда Исабектің Дулаты – көркем сөздің шебері,
Артық айтсам пікірді айыптама, кеш мұны.
Болат шеге секілді, Құдай берген мінезді,
Тапқыр жігіт бір-ақ сөзбен құлатады мың езді.
Одан төмен жайғасқан Ниязбектің жетімі –
Рафаел жас ақын жануы да, сөнуі де ілез-ді.
Белгілі ақын (белгісіздер жоқ бүгін) Ниязбектің данасы,
Əке əскерге кеткенде екі-үш жастың арасы.
Он жыл оқып сабазың бітіргенде КазГУді
Болған еді көп жігіттің кəдімгідей ағасы.
Қиғаш қарап отырған Мұсаханның Əлиі
Поэзия ана болса, ол момақан сəбиі.
Жанындағы Тұрғынбектің ақын туған Серігі,
(Бір күн Сырбай, бір күн Ғафу болушы еді сабазың)
Баяғыда ұмытылған Торғайдағы там үйі
Ойлап көрші, бұл тағдырдың құдіреті күшті ғой,
Байқайсыз ба, ертеңгі оймен үйлеспейді түстік ой.
Əзіл, қалжың айтылатын ащысы да, тəттісі –
Талай-талай қызық күндер басымыздан көшті ғой.
Тұрғынбектің Серігі жолдас еді сыйласқан,
Қырға бірге қыдырып «жазсақ, – дейтін, – жыр дастан»
Жаңылмасам қатар алып дипломды Рафаел екеуі
«сауып талай *сары сиырын Сайымжанның» сырласқан.
Ақ періште сол тілегін қабылдап, орындалды дегені,
Екеуі де ақын болды бір заманға беделді,
Жырға қосып, махаббатты тарихты тауыса алмай келеді,
Екеуіне ортақ арман ағайынның татулығы, елдігі.
Айта білсек, ол күннен көп қой бізде жақсы елес,
Жүрген жолдың бəрі де мамық емес, мақта емес.
Қазақ қазақ болғалы өкпе, назы қалмаған.
Жасыралық несіне, бұл қазақтың жағымпазы жоқ та емес,
Ақиқатын айтқанда биігіне көтерілдік арманның,
Егеменді ел болдық.
Бір түкірдік бетіне коммунистік жалғанның
Жалғыз ғана Əли ақын арамызда жоқ бүгін
Ұлы көштің тізбегіне мен де бүгін жалғандым.
Ақын еді жаны нəзік Мұсаханның баласы,
Оның көп қой, сол өмірге өкініші, наласы
Мінбелерге шығып алып: «Мен ақынмын!» демепті
Содан білем, еске алмайды,
Пенделердің қаталдығын қарашы
Жақсы менен жаманның, қас қағым сəт арасы,
Қария болды тал шыбықтай Исабектің баласы.
Кейде мына маған жұмбақ қоғамнан əділдікті іздейді,
Жазылардай саясаттың жазылмайтын «жарасы»
Пай-пай, шіркін, өткен күннің бір жалт етті елесі,
Тарихтың жүгі ауыр жолға аттанды кемесі
Бұл сапарда сен де барсың, мен де бармын не бітті –
Төрелігін өзің айт, тек, əйтеуір босқа жүрдің демеші!
Айхай дүне-ай....
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter