Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  143


Автор: Досан ЖАНБОТА

АҚ КЕМЕ

Аққу арман аяқталма, жүзгін ұлы кемемен,
Қашан көрсем жүрегінің жылуына бөлеген.
Қуанышта көк құрақ боп жайқалған –
Жеңгесі бар, бақытты едім не деген.
Сен сұлусың, сұлу деген жылтыраған бет емес.
Ол мəңгі жас, қартаймайтын ерке елес.
Тазалығы жүректің, əділдігі жаныңның –
Сүйем сені, жеңеше, қайныңмын ғой, тетелес!
Ағайындар айтты тəтті тілекті
Балаларың ақ жолыңа бəйшешектей гүл екті.
Құда-жекжат айқара ашып құшағын –
Өткен күнді мадақтап, марапаттап жыр етті.
Ақ кемедей ақ жеңге, бағаң артық алтыннан,
Алғыс алдың жүрген жерде халқыңнан.
Ұрпағына ізгіліктің ізін салған саралап –
Айныма сен осы дəстүр салтыңнан!
Аман болса ағатайым ататығын таңың көп,
Екеуің де елжірейсің ертеңім деп, елім деп
Шіркін-шіркін, бұдан артық сыйым болса,
Алдыңа қояр едім құлдық етіп алғын деп.
Алтын сырға меруерт моншақ, алқама,
Құндыз ішік, жекей шапан торқа ма?
Бəрі де бар, ағайынға ақ көңілін сыйлаған –
даңқың қалсын құрметтейтін халқыңа!
Асыл жеңгем, ақыл жеңгем, ақ жеңгем,
Бұл өмірде көрдік қой, алайларды өзгерген,
Қашан көрсек қадірлеген біздерді –
Бұл əлемде өзіңе жан адамды теңгермен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу