Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
120
ҚОСАЙ
Ей, заманның зерделі зерек түлегі –
Сол Қосайдың: «Халқым!» деп соққан жүрегі.
Тарихты шежіре етіп шертетін –
Теңіздей терең қарияның бірі еді.
Соғыс жылы қызыл сирақ баламыз,
Майданға кеткен əкеміз бен ағамыз.
Жесірлер мен жетімдерді жиып ап –
Ерлік жайлы сыр шертетін данамыз.
Алғаш рет естіп едік елді сүю дегенді.
Бүгін сүйсем елімді соның еккен дəні еді.
«Жерді сүйсең жетімдікті көрмейсің !» –
дейтін сол бір қаря түсіме ылғи енеді
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter