18.08.2022
  234


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

ХАН ЖАҚСЫ МА?

Ойнаушылар дөңгелене жайғасып отырғаннан кейін орталарынан бір ойыншыны «хан», екіншісін «уәзір» етіп сайлайды да, «уәзір» ойынды бастайды. Халық ортаға шыққан «уәзірге»: «Халық ерігіп жатыр, әміршіміз халыққа бір ермек тауып берсін!» – деген өтініш айтады. «Уәзір» тағында оңаша отырған «ханға» барып, халықтың өтінішін жеткізеді. Әмірші: «Халық еріксе, «Хан жақсы ма?» деген ойын ойнасын» – дейді. Халық сол ойынды ойнауға кіріседі. «Уәзір» шеткі ойыншыдан бастап: «Хан жақсы ма?» – деп сұрай бастайды. Әркім әртүрлі жауап береді. «Ханның» жақсы жақтары да, жаман жақтары да ашық айтылады. Ал «уәзір» сол естігендерінің бірін де қалдырмай шетінен «ханға» жеткізіп отырады. Ең соңында «уәзір» «ханға» келіп: «Тақсыр, кімнен зорлық, кімнен қорлық көрдіңіз?» – дейді. Сол кезде «хан» өзін жамандағандарды біртіндеп алдына шақырта бастайды. «Анау отырған қауғабасты әкел! Шұнақты әкел!» – деп, сырттай бас-басына айдар тағып, сырттай ті сін қайрап отырғандарды алдына алдыртып, жазаға тартады. Жазасының түрі «бес қатты, он тәтті» деп аталады. «Уәзір» қолына екі қабатталып есілген орамалды алып, «ханның» бұйрығын жүзеге асырып отырады. Яғни, жазаның «қаттысында» қол иыққа дейін, ал «тәттісінде» қол шынтаққа
дейін түріліп, дүре соғылады. 


«Ханды» жамандағандар жазаларын ал ып болған соң, енді оны мақтағандар шақырылады. Бұл жолы «хан» әлгінде жабырқап қалған көңілін көтеру үшін оларға ән айтқызып, би билетеді. Осылайша ойын аяқталған соң, «хан» орнын «уәзіріне» береді де, ол өзіне жаңа «уәзір» сайлап алады. Сөйтіп, ойын әрмен қарай жалғасады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу