file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  18.08.2022
  2890


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

Алтыбақан ойыны

«Алты бақанды» жаз айларында тебеді. Оны құру үшін әрқайсысының ұзындығы 3–4 метрден жеті ағаш және мықты үш арқан керек. Мосы құсатып алты ағашты үш-үштен бір жақ басынан байлайды да, екі жерге қадайды. Бір ағашты жоғарғы ашасына көлденең салып бекітеді. Арқанның біреуін бел ағашқа аяқ тірейтіндей етіп байлайды. Қалған екі арқан одан қыс қарақ етіліп отыру үшін қосарландыра байланады.


Қыз бен жігіт қарама-қарсы тұрып аяқ тарын арқанға тіреп тербеледі. Алты бақан тепкен екі ойыншының бастауымен жерде тұрған жастар қосылып ән са лады. Ойын-сауыққа жиналғандар алты бақанға кезек-кезек отырып, ойынды жалғастыра береді. Әрбір жолы алты бақанға отырғандар өздері қалаған әнді бастайды да, басқалары қосылып, оларды тербетіп тұрады.


Алтыбақан ойыны сурет фото 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу