18.08.2022
  343


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

КӨРШІ ойыны

Ойын көпшілік жағдайда жастардың ойын-сауық кештерінде ойналады. Ойна ған кезде көрші болып бір жігіт, бір қыз қатар отырады. Ойынға қатысушылардың біреуі көршісіз қалады. Жүргізушінің мақсаты – серіксіз тақ қалған
ойыншыға көрші іздеу.
Жүргізуші тақ ойыншыдан:
– Сіз кімнің көршісін қалайсыз? – деп сұрайды.
Ойыншы:
– Маған бәленшенің көршісі керек,–
деп, өзі қалаған ойыншының көршісіне бағыт сілтейді.


Ойын жүргізуші аталған көршілерге келіп:
– Көршіңізбен аразбысыз-татумысыз? – деп сұрайды.
Егер «аразбын» десе, көршісі серіксіз қалған ойыншының қасына барып көрші болады. Ал егер «татумын» десе, та тулығын көрсете жаза арқалап, тақ ойыншының талабы бойынша көпшілікке өнер көрсетеді.
Ойын барысында тақ ойыншы өзіне көрші тауып алса, соның нәтижесінде серіксіз қалған келесі бір ойыншы өзі не көрші іздеуге кіріседі. Осылайша ойынның соңында отырғандардың бәрі түгел дерлік тату көршілерге айналады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу