file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  18.08.2022
  227


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

Ойнаушылар теңдей екі топқа бөлінеді де, арасы 15–20 қадамдай жердегі екі сызықтың бойына қатарласа тұрады. Жүргізуші бірінші топтың ойыншыларының біреуіне қолындағы орамалын береді. Ол барып екінші топтың ойыншыларының артқы жағынан жүгіріп өтеді де, өзі қалаған бір ойыншының артына орамалын қалдырып, өзі кері қарай жүгіреді. Орамалды алған ойыншы қашқан ойыншы орнына жеткенше қуып жетіп арқасынан ұрып үлгерсе, қарсыласымен бірге өз тобына келеді, ал қуып жете алмаса, онда сол қарсыласының тобында қалады. Бұдан кейін кезек екінші топқа беріледі. Осылайша ойын барлық ойнаушы орамалды бір-бір реттен тастап шыққанша жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша, қарсыластар тобынан ұтылып қалғандар өз тобында тұрған кезде кезегі келіп орамал тастап үлгермесе, онда міндетті түрде оған келген тобында орамал тастауға мүмкіндік беріледі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу