18.08.2022
  128


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

Қарамырза ойыны

Ойын басталмас бұрын ойынның тәртібі түсіндіріледі. Бәрі түсінікті болған кезде ойын жүргізуші: «Ойнаймыз ба?» – деп сұрайды. Отырғандар: «Ойнаймыз!» – деп жауап қайтарады. Жүргізуші: «Ал ендеше, бастаймыз!» – деп, өзінің оң жағындағы ойыншыға кезек береді. Ол өзінің оң жағындағы ойыншыға: «Ассалау мағалайкум, қарамырза!» – дейді. Осы кезде сәлем алушы байқамай: «Уағалайкуммуссалам!» – деуі мүмкін. Ал негізінен ойын тәртібі бойынша «уағалайкуммуссалам, бірінші қарамырза» деп жауап қайтаруы керек еді. Сол үшін де әлгі ойыншы айыпкер саналады.


Осылайша ойын жалғаса береді де, әр амандасқан сайын қарамырзалардың саны «екінші», «үшінші», «төртінші», т.т. деп рет-ретімен өсе береді. Ал ойыншылар осының бәрін жіті қадағалап отырып, жаңылыстырмай айтулары тиіс.


Ойынның соңында дұрыс жауап бергендер – «тазалар», дұрыс жауап бермегендер – «қаралар» болып екі топқа бөлінеді. Сөйтіп, «тазалар» «қараларға» жаза белгілейді де, олар айыптарын өнер көрсету арқылы өтеуге кіріседі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу