18.08.2022
  132


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

ИНЕМДІ ТАП

 Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмағанымен ойынды екі-ақ адам ойнайды, әрі ойынның сырын біреуінің біліп, екіншісінің білмегені жөн. Ойын үйдің ішінде, жиналып отырған топ адамның алдында көрсетіледі.


Көптің ортасына шыққан екі ойыншының біріншісі екіншісіне: «Сен мынаны үстіңе жасыр, мен оны иіскеп тауып беремін!» – деп, оның қолына бір инені ұстатады да, өзі далаға шығып кетеді. Далада қазанның басына барып, бөркін теріс айналдырып киеді де, төбесіне күйе жағып қояды. Сосын ішке кіріп: «Қалай, инені жасырдың ба?» – деп әлгі ойыншыдан сұрайды. Ол: «Жасырдым!» – деп жауап береді. «Ендеше сақтан, мен қазір инені тауып беремін!» – деп, оның үсті-басын иіскелей бастайды. Сәлден соң: «Таптым-таптым, ине жағаңда екен!» – деп, екі қолымен өңірінен мықтап ұстап алып, арлы-берлі иіскеген болып, төбесіндегі күйені оның беті-аузына әбден жағып шығады. Үйдің ішіндегілер қыран-топан күлкіге кенеледі. Тапқышбектің инені таба алмай текке әуреленіп жатқанын көріп, екінші ойыншы да мәз болып, қарқылдай күледі. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу