file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  18.08.2022
  1983


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

Қыз қуу ойыны

«Қыз қуу» ойынының шығу тарихы тым әріде жатыр. Сонау ертеректе қазіргі Қазақстан жерінде өмір сүрген алғашқы сақ тайпаларының өмірі көбіне жаугершілікпен өткені белгілі. Сонда бейбіт күндері жауынгерлер мен олардың сапында жүрген мерген қыздар бірін-бірі ат үстінде қуалап, көңіл көтерсе керек. Осыдан барып кейін халық арасында «қыз қуу» ойыны кең таралған көрінеді.


Қыз қуу 


Ойын тәртібі бойынша кең жазық жерге жиналған халықтың арасынан арғымақ мінген қыз шығады да, қыз қууға дайындалып, сап түзеп тұрған жігіттердің қасына жақындап барып, өзі ұнатқан бір жігітті қамшымен тартып жіберіп, қаша жөнеледі. Есесі кеткен жігіт атына міне салып, қызды қуып береді. Содан қызды қуып жетсе бетінен сүйіп, «есесін» қайтарады да, ал егер қуып жете алмаса, амал жоқ, ойынды тамашалап тұрған дүйім жұртқа күлкі болады. 


Қыз қуу 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу