file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  18.08.2022
  204


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

ЖАМБЫ АТУ

Бұл ойын халқымыздың ұлттық ерекшелігін көрсетеді. Өйткені қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып немесе шауып келе жатып қана атқан. Ал әлемдегі басқа халықтар арасында жамбыны бір орында тұрып, аспай-саспай ату түрі ғана бар.


 


Қазақтар жамбыны атқанда қазіргі кез дегідей белгілі бір қашықтықта тұрған тақтайдағы нысананы атқан жоқ. Олар ұзын сырықтың басына мергенге арналған сыйлықты, болмаса жамбыны (бәйгеге тігілген күміс яки алтын) шүберекке орап, қыл арқанмен байлап қоятын. Әрі мергендер атқанда, ораулы тұрған жамбыны емес, байлаулы тұрған жібін атып барып жамбыны жерге түсірген. Бұл ойын мергендер тігілген жүлдені атып алғанға дейін жалғаса береді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу