file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  18.08.2022
  1066


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

Аударыспақ ойыны

Аударыспақ – ат үстіндегі күрес ойыны. Ортаға шыққан екі ойыншының мақсаты – ат үстінде күресе жүріп, бірінбірі аттан аударып тастау, болмаған күнде аттың үстінен қарсыласын жұлып ал ып, жеңілгенін мойындату. Қазақша кү рестегі сияқты, аударыспақта да жасының, салмағының ерекшелігіне қарамайды, оған тек өздерінің білек күшіне сенушілер ғана шығады.


Бұл ойынның екінші бір түрінде екі атты адам арасы 40–50 адымдай екі көмбеде тұрып, ойын жүргізушінің берген белгісінен кейін біріне-бірі қарама-қарсы шабады. Ойынның шарты бойынша, кездескен жерде бірін-бірі аттың үстінен жұлып алып түсуі керек. Қайсысының денесі жерге тисе, сол ойыншының ұтылғаны. Мұнда тоқтап тұрып аударысуға болмайды. Шауып өткен бойда ғана бірінбірі аттан аударып түсіруі керек. Бұлай істей алмаған жағдайда, ойыншылар сол шапқан бетте көмбеге барып, ойынды қайта бастайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу