file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  18.08.2022
  461


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

САҚИНА ЖАСЫРУ

Бұл ойын жасөспірімдер арасында ойналады.


Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелек шеңбер бойымен отырады да, алақандарын тізелерінің үстіне ашып қояды. Ойын жүргізуші жұмған алақанының ішіне сақина салып, әр ойыншының қолына өз қолын тигізіп жүріп, ретін тауып, әлгі сақинаны байқатпай біреуінің қолына тастап кетеді. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салған сәтте, ол алақанын жылдам жаба қояды. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші алдын ала белгіленген кезекшіден «Сақинам кімде?» деп сұрайды. Кезекші сақинаның кімде екенін табуы керек. Егер кезекші сақинаның кімде екенін дұрыс тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайта жалғастырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу