АҢШЫЛАР
Жүргізуші алдын ала белгіленген шең- бердің (радиусы 5–10 м) бойына үш жерге қолдарына доп беріп үш ойын- шыны тұрғызады, бұлар – «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішінде арлы-берлі жамырай жүгіріседі де, ол «тоқта» деген кезде бәрі сол жеткен жерінде қозғалмай тұ- ра-тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректер- ді» ата бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға бо- лады, бірақ тұрған орнынан жүріп кету- ге болмайды. «Өлген үйректер» өздерін атқан «аңшыларды» алмастырады да, ал
«үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып, қайтадан атқылауға кірі- седі. Осылайша үш «аңшы» орындарын түгел алмастырғанға дейін ойын қайта жалғаса береді.
Бұл ойынның екінші түрінде ойнау- шылар екі топқа бөлінеді де, бір тобы –
«үйректер» шеңбердің ішінде қалып, екін- ші тобы – «аңшылар» шеңберді жағалай тұрады. Сосын жүргізуші белгі берген кезде «аңшылар» «үйректерді» атып ала бастайды. Ойын уақытпен ойнала- ды. Белгіленген уақыт біткеннен кейін
«аңшылар» мен «үйректер» орындарын ауыстырады. Ойынның соңында көптеу «үйрек» атып алған «аңшылар» тобы ұтқан болып есептеледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter