БЕС ТАС
Бұл ойынды ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынның шарты бой- ынша, ойнаушылар ең алдымен кім-кім- нен кейін ойнайтындығын бес тасты лақ- тырып, қолдың сыртына түсіріп, содан қақшып алу арқылы кезек алысады, ең көп қақшығаны бірінші, одан азы екінші, тағысын тағы...
Бірінші кезек алған ойыншы бес тасты ойынның шарты бұзылғанға дейін қаға береді, одан кейін екінші кезектегі ой- найды, сөйтіп ойын жалғаса береді.
Ойын бірліктен басталады. Бес тасты иіргеннен соң біреуін қақпа тас етіп алып, қалған төрт таста жеке-жеке бір-бірлеп
қағып алады. Екінші рет иіріп, екілікті ой- найды, онда жердегі төрт тасты екі-екі- ден қағып алады. Үшінші рет иіріп, үш тасты бірге, бір тасты бөлек қағып алады. Төрттікте қақпа тасты лақтырып төрт тасты жерге қойып, тағы лақтырып төртеуін жерден қайта алуы керек. Бесінші кезек –
«жалақ». Мұнда үш жалақ немесе бес жалақ болады. Қақпа тасты лақтырып жі- беріп, сұқ саусағымен жерді үш рет неме- се бес рет жалау керек. Үш яки бес рет жалау ойыншылардың өзара келісімдері бойынша белгіленеді. Алтыншы кезек –
«алақан». Қақпа тасты жоғары лақтырған сәтте, қалған төрт тасты екінші қолдың алақанына жинап үлгеру қажет. Жетінші – «төрт бұрыш». Төрт тасты төрт жерге қой- ып, яғни төртбұрыш жасап, сосын қақпа тасты биіктете лақтырып жіберіп, жердегі төрт тасты жинап алуы тиіс. Сегізінші –
«арттан тастау». Бұл ойында жерден бірінші тасты қағып, екінші тасты жерден алғанда бірінші тасты қолдың артынан жерге та- стау керек,сосын үшінші тасты алғанда екінші тасты арттан тастауы керек, сөйтіп бәрін тастап болғаннан кейін жерден бә- рін жинап қағып алуы тиіс. Тоғызыншы –
«үндемес». Мұнда қақпа тасты қағып алғанда, қолдағы таспен жерден алған тасты соғыстырмау керек. «Үндеместі»
ойнаған кезде ойыншының өзі үндемейді. Басқа ойыншылар ойынның осы шартын пайдаланып, «үндеместі» – ойнап жатқан ойыншыны күлдіруге, сөйлетуге тырыса- ды. Бұған оның берілмегені жөн. Өйткені, егер әлдеқалай дыбыс шығарып қойса, кезек келесі ойыншыға көшеді. Оныншы –
«сарт-сұрт». Бұл ойында бірліктегі сияқты әрбір тас жеке-жеке қағып алынады, тек қақпа тас пен жерден алынған тастың бір-біріне соғылған дауысы естілуі тиіс. Он бірінші – «қақшу». Ойыншы бес тасты иіріп, қақпа тасын алғаннан кейін қалған төрт тасты бір-бірлеп қақши қағып алады. Он екінші, соңғы ойын – «нәби». Бұл ойында сол қолдың бас бармағы мен сұқ саусағын жерге тіреп тұрып, оң қолмен сол қолдың сыртынан бес тасты алдыға иіріп тастайды да, қақпа тасты алып, «нә- би» (ата) сайлайды. «Нәбиді» басқа ойын- шылар сайлайды. «Нәби» ойыншылардың өзара келісулері бойынша не алдыңғы, не арт жақта жатқан тастардан сайланады. Ойыншы «нәбиді» басқа тастарды өткізіп болғаннан кейін ең соңынан өткізеді. Басқа тастарды «нәбиге» тигізіп алмай,
бір-бірлеп өткізуі керек.
Ең ақырында бәрін ойнап біткеннен кейін ұпай салады. Ұпай салудың бірне- ше түрі бар. Бес тасты қолын айналды- рып лақтырып қағып алуы керек. Неме- се бес тасты түгел лақтырып, қолының сыртына түсіріп, одан қайта лақтырып, қақшып алуға болады. Осылайша қанша тас қағып алса, сонша ұпай салады. Әр тас – 10 ұпай. Егер бес тасты түгел қақса, онда 50 ұпай салған болады. Ойын осылай
жалғаса береді. Ұпай салушылар ұпайды тек өзінен кейінгі кезектегі ойыншыға ғана салады. Ойынның тәртібі бойынша та- старды қаққан кезде басқа тастарды қоз- ғалтпаулары немесе қақпа тасты түсіріп алмауы керек.
Ойыншы ойынның шартын бұзғанға дейін ойнай береді, тек ойынның шарты бұзылған жағдайда ғана келесі ойыншы кезек алады. Ал келесі кезек келгенде ойыншылардың қай-қайсысы болмасын сол алдында тоқтаған жерінен ойынын әрмен қарай жалғастырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter