18.08.2022
  102


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

ХАН

Ойнаушылардың санына шек қойыл- майды. Ойынға қатысушылар өзара ке- лісім бойынша әрқайсысы бестен немесе оннан ортаға асықтарын шығарады да, солардың ішінен біреуін «хан» сайлай- ды. Сосын кезекпен барлық асықты жи- нап алып, қос қолдай иіре шашып тас- тап отырады. Кейде «хан» көп асықтың астына басылып, көрінбей қалуы мүмкін. Мұндайда асықты иіруші: «Ханды қара басты!» – деп жариялайды. Сол сәтте ой- ыншылар асықтарды бас салып, талап алады. Ал егер «хан» бөлек ашық жатса, онда иірген бала «ханмен» басқа асықты ата бастайды. Мысалы, «хан» бүк түссе, онда «ханмен» бүк жатқан асықты, шік түссе, шік жатқан асықты ату керек. Осы- лайша ойын жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша «ханмен» асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғауға бол- майды. Сөйтіп, кезек алған ойыншы ойын шартын бұзғанға дейін, немесе «ханмен» ататын асық болмай қалғанға дейін атып, ұтқан асықтарын жинап алады. Ортаға салынған асықтар таусылғаннан кейін ой- наушылар қайтадан асықтарын шығарып, ойынды жалғастырады.


Бұл ойын негізінен ептілік пен шапшаң-


дықты, байқағыштықты аса қажет етеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу