file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  18.08.2022
  221


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

Бұғнай

Ойын жүргізуші ойынға қатысушылар- ды айнала отырғызып жатып, бірінші бұғ- най, екінші бұғнай, үшінші бұғнай... т.б. деп әрқайсысын реттік санмен атап шы- ғады да, іле-шала кез келген бірін, мысалы, он жетінші бұғнайды дауыстап шақырады. Аты (реттік саны) аталған бұғнай орнынан ұшып тұрып, келесі бі- реуін шақыру керек. Әдетте малдас құ- рып не жүресінен отырған балалар бір- ден орындарынан тұра алмай қалып жатады, ал кейбір сасқалақ балалар аты аталмаса да, орындарынан атып тұрады. Мұндай ойыншылар айыпты саналып, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу